«SALUS» Аромаорталығы СПЕЛЕОСАУНА-ға шақырады
Спелеосауна – климатотерапияның бір түрі.
Оңтүстік Кореяда ойлап табылған
(өнімнің әлемдік патенті №10-0975285 және №10- 0601190).
СПЕЛЕОСАУНА ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Спелеосаунаның қабырғалары, едені және төбесі тұзды тақтайлармен қапталған.
Ондағы жұмсақ микроклимат жоғары иондануымен және ауада минералды тұздардың ұсақ бөлшектерінің болуымен ерекшеленеді.
Спелеосаунадағы температура 39 °С-тан 41 °С-қа дейін алмасып отырады.
Қандай да бір дәрежеде қызған денелердің барлығы инфрақызыл сәуле шығарады. Адам ағзасы да дәл солай. Оның биорезонансты жиілігі – 9,6 мкм.
Сондықтан да мұндай ұзақтықтағы толқындардан болған кез келген сыртқы сәулеленуді ағза өз сәулесі ретінде қабылдайды және мұндайда қанның микроайналымы мен қышқылдандырғыш-қалпына келтіргіш процестердің жылдамдығын арттыру арқылы оны қарқынды түрде сіңіреді.
Жасушалардың нәрлі заттармен және оттегімен қоректенуі жетіле түседі. Спелеосаунада термен бірге ағзадан уыттар мен қалдықтар қоса шығады.
Дене 41 °С салыстырмалы жұмсақ жағдайда белсенді түрде терлейді, бұл терінің терең күтіміне, тазалығы мен жасаруына кепілдік береді.
Инфрақызыл жылу тіндердің созылуына ықпал етеді, бұл сіңірдің, буын мен бұлшық еттің зақымы кезінде аса маңызды болып табылады.
Терең жылыту спорттық жарақаттарды алу қаупін төмендету мақсатында жаттығуларға немесе спорттық жарыстарға дейін және кейін ұсынылады.