Инфрақызыл жылу буындағы ауру мен оның тартылуын басып, бұлшық еттің тырысуын жазып, қан айналымын жетілдіріп, тірек-қозғалыс аппараттарындағы (артриттер, артроздар және т.б.) қабынбалы процестер кезінде сауығуды жылдамдатады.

Профессор Исихара Юми дененің температурасы 1 градусқа жоғарылаған кезде, иммунитеттің 5-6 есе күшейетінін дәлелдеген.

Чам Согым теңіз тұзы

Чам Согым тұзын қабылдау – спелеосаунаға бару процесінің бұлжымас бөлігі.

Чам Согым — барлық қоспаларынан тазартылған тұз.

Теңіз тұзын 1000°С–1350 °С температурада ерітеді және 48 сағат бойы сұйық қалыпта ұстайды.

Нәтижесінде – тұз қысымды көтеретін газдардан, аналық ерітіндіден (құрамына қанның қоюлануына ықпал ететін магний, натрий, кальций хлориді, магний сульфаты және уытты заттар кіретін), органикалық емес минералдардан (олардың ағзада жинақталуы түрлі ауруларға алып келеді) арылады.

Таза тұз ағзадан газдарды, аналық ерітінділерді, ауыр металдарды шығарады. Ол қанды тазалап, шаршағанды басып, азқазанды, ішекті, бауыр мен бүйректі нығайтады. Қабынбалы үдерістердің алдын алып, қылтамырды кеңейтіп, қан тамырларының икемділілігіне қолдау білдіреді.